Жаңалықтар

Тігін цехының қамқорлығы

Акция

«Глобал Спецодежда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мереке қарсаңында «Жас ұрпақпен бірге» қайырымдылық  акциясын өткізді.

Аталған акция аясында «Глобал Спецодежда» ЖШС қызметкерлері және серіктестері оқушыларға арнап мектеп киімдері мен оқу құралдарын тарту етті. Бұл сыйлықтар ең алдымен осыған мұқтаж отбасы балаларына бағытталған. Іс-шарада балаларға білім алудың маңыздылығы түсіндіріліп, оқуға деген ынталарын арттыру үшін арнайы ойындар, түрлі сайыстар өтті. Әртүрлі салаға арналған жоғары сапалы кәсіби киім әзірлеумен және өндірумен айналысатын «Глобал Спецодежда» тігін цехі жас ұрпақтың білім алуы мен дамуына ерекше мән береді. Енді бұл акцияны жыл сайын үрдіске айналдыруды жоспарлап отыр.

А.АЛТЫБАЕВА.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button