Садақ атушылар «Алтын жебенің» оқтарын пайдаланады

Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына санаулы күнқ алды. Бүгінгі таңда ұлттық құрама спортшыларшылары анықталып, қатысушылардың барлығы дерлік дүбірлі додаға сақадай сай.
Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама бас бапкері Диас Ахметовтің айтуынша, садақ ату спорт түрі бойынша елімізге 35 мемлекеттен 200-ден аса спортшы келеді.
«Біздің садақа тушыларғаТүркия, Қырғыстан, Монғолияның мергендері бәсеке тудырары анық. Франция, Италия, Испания, Қытай, Тайланд, Ираннан келетін спортшылар да өтемықты. Дегенмен біздің спортшылар да осал емес. Жүлдеден үміттіміз», —дейді бас бапкер Диас Ахметов.
«Осы уақытқа дейін ұлттық құрама құрал-жабдықтардың басым бөлігінТүркия, Мажарстан, Ресейден тапсырыс беріп алдыртатын. Кейінгі жылдары еліміздегі өндіріс те жолға қойыла бастады. Алдағы Көшпенділе ройынына отандық өнім «Алтын жебе» атты цехтың шығарған оқтарын қолданамыз. Сол үшін халықаралық стандарттарға сай жасалған 2000-нан аса оқ дайындап қойдық», —дейді дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама мүшесі ЕрболТ апенов.
«Дәстүрлі садақ атудан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын 10 спортшы қорғайды. Ұлттық құраманың мүшелері де дайындық барысында отандық өнімді пайдаланып, жаттығуларын пысықтап жатыр», — деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі.
Н.ДӘНЕКЕРОВ.



