Жаңалықтар

 «Игі істер» марафоны

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында  Қарғалы ауданында аудандық жастар ресурстық орталығы мен Amanat партиясы аудандық филиалының қолдауымен «Игі істер» марафоны ұйымдастырылды.

Тазалық марафоны жоғары деңгейде өтті. Оған аудан жастары мен «Жасыл ел» еңбек жасағы белсенді қатысты. Экологиялық акцияның мақсаты — табиғатты таза қалпында сақтау, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы өзен жағалауларын қоқыстан тазалау. «Таза жағалау акциясы» аясында Қарғалы ауданындағы  жағажайларды қоқыстан арылтып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, — дейді аудандық жастар ресурстық орталығының  басшысы Мейіржан Жұбан.

Экологиялық акцияға қатысқан «Жастар рухы» жастар қанаты аудандық филиалының төрағасы Шапағат Аманжол тазалық акциясының сәуір айынан бастап ұдайы ұйымдастырылып келе жатқандығын айтады:

Жаз бойы біз ұйымдастырған акцияға жүздеген ақтөбелік жас өз үлесін қосты. Бұл жолғы «Игі істер» марафоны аясында өткен «Таза жағалау» акциясына ауыл тұрғындары да жұмылдырылды. Қоршаған ортаны таза ұстау — барлығымыздың ортақ міндетіміз. Акция кезінде Қарғалы ауданындағы өзендердің жағалауын тазарттық. Өкінішке қарай, өзен жағалауы — ең көп ластанатын орындардың бірі. Өйткені тұрғындардың көпшілігі су жағалауына тынығуға келіп, қоқыс шашып кетеді. Сондықтан тазалық жұмыстары барысында бұл аймаққа жиі келеміз, — дейді ол.

Amanat партиясының атқарушы хатшысы Надежда Заглядованың айтуынша, тұрғындардың кейбірі аулаларын уақтылы тазартпайды. Соның салдарынан арықтар қоқыстармен бітеліп қалады.

Тазалық бәрімізге керек. Сондықтан әрқайсысымыз тазалықты өзімізден бастауымыз қажет. Марафон аясында жаз мезгілінде адамдардың көбірек демалатын орны саналатын карьерге тазалық жұмыстарын жүргіздік.

Мұндай экологиялық акцияларды мүмкіндігінше жиі өткізіп, тұрғындарды да көбірек тарту керек. Сонда біздің бауырларымыз таза ауада демалғаннан кейін түрлі қалдықтар тастап кетпес еді деп ойлаймын. Ал қазіргі жағдайда тазалыққа мән бермейтіндерге айып салып, қатаң шара қолданғанның артықтығы жоқ,дейді ол.

Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button