Жаңалықтар

Қызметтік әдеп нормалары — тәртіп негізі

Әдеп

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінесәйкес мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.

Қолданыстағы Әдеп жөніндегі уәкілдер институты мемлекеттік қызметшілердің белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауын мониторингілеу, ұжымда өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, түсіндіру жолымен заңнаманы бұзудың алдын алуға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаменті сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алуға, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына бағытталған белгілі бір жұмыс жүргізуде.

Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі жүргізген жұмыстың нәтижелері аудандық қазынашылық басқармалары басшыларының қатысуымен департамент алқасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінде тыңдалды. Ағымдағы жылдың мамыр айында департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша тікелей эфирге қатысты.

2024 жылдың өткен кезеңінде департаменттің және аудандық қазынашылық басқармаларының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер болған жоқ.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшесінің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 12 семинар өткізілді.

Құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында құқықтық статистика органдарынан алынған мәліметтер негізінде тоқсан сайын құқықбұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша департамент басшысының атына қызметтік жазбалар және департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне хаттар жіберіледі, әкімшілік құқықбұзушылық жасаған қызметкерлермен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Әңгімелесу нысанында 14 қызметкермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер бойынша жеке жұмыс жүргізілді. Мереке күндері алдында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалардың сақталуы туралы түсіндіру жұмыстары міндетті түрде жүргізіледі.

Департамент жәнеаудандық қазынашылық басқармалар қызметкерлеріне қатысты БАҚ-та оң және теріс жарияланымдарға мониторинг жүргізіледі, өткен кезеңде теріс жарияланымдар фактілері болған жоқ.

Моральдық-психологиялық ахуалды талдау мақсатында жылына екі рет департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында анонимді сауалнамалар жүргізіледі, олардың нәтижелері талданады және департамент басшысына ұсынылады.

Ұжымда жағымды атмосфера құру үшін этикалық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында тимбилдингтер, қызметкерлерінің Ақтөбе планетарийі, мұражайларға баруы, ұжымның Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актерлерімен кездесуі сияқты мәдени іс-шаралар өткізіледі. Департамент қызметкерлері республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі түрлі спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды, қызметкерлер үшін «Достық»жүзу бассейніне бару ұйымдастырылды. Мұндай іс-шараларды өткізу өте маңызды, олар қызметкерлерге өздерінің жасырын мүмкіндіктері мен таланттарын көрсетуге, ұжымның бірлігіне, командалық рухтың қалыптасуына ықпал етуге, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қызметкерлердің балалары, сондай-ақ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері үшін Ашық есік күндері өткізілді.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында департаменттің инстаграмдағы парақшасында мемлекеттік қызметшінің мінсіз беделінің үлгісі болып табылатын әріптестер туралы бейнесюжеттер орналастырылады.Болашақта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын таба беретін болады.

 Ж.ДОСМАҒАМБЕТОВА,

Ақтөбе облысы қазынашылық департаментінің

Әдеп жөніндегі уәкілі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button