Жаңалықтар

Ақтөбелік Артур Ким – физикадан IPhO-2024 халықаралық олимпиадасының күміс медаль иегері

Иранның Исфахан қаласында физика пәні бойынша халықаралық олимпиадада ел намысын қорғап, Қазақстан құрама командасына күміс медаль сыйлаған Артур Ким – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Физикадан халықаралық олимпиада (IPhO) әлемдік 7 олимпиадалардың (IMO, IBO, IOI, IChO, IGeO, IOL) қатарына кіреді. Олимпиадаға 50 елден оқушылар қатысқан. Бұл олимпиадада Қазақстан құрама командасы 4 күміс және 1 қола медаль иеленіп, 100% көрсеткішке қол жеткізді.

Сонымен қатар, Артур Малайзияның Кампар қаласында физикадан ХХIV Халықаралық Азия олимпиадасында (APhO) әлемнің 28-ден астам елінен қатысқан дүбірлі додада қола медаль жеңіп алса, Ресей Федерациясының Югра қаласында физикадан «ISPhO-2024» халықаралық ғылыми олимпиадасында Қазақстан құрама командасы  ТМД, Азия және Латын Америкасы елдерінің арасында жалпыкомандалық екінші орынды  иеленді.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button