Жаңалықтар

Ақтөбеде 98 шақырым жол салынады және жөнделеді

Жол

Бүгінде облыс орталығындағы 15 көшенің жолы жөнделіп, екі шағын ауданда суағарлар салынып жатыр. Қызылжар-3, Астана ауданы тұрғын алаптарында және басқа да бірқатар жол бөлігінде құрылыс қызу жүргізілуде

Облысәкімі Асхат Шахаров жолы жөнделіп жатқан көшелерді аралап шықты, мердігерлермен кездесіп, атқарылған жұмыстың сапасын бағамдады.

Тұрғындар көп шағымданған Шәмші Қалдаяқов көшесінің жолын «Атырау инжстрой-АИС» ЖШС жөндеп жатыр. Мұнда жаңа асфальт қабаты төселеді, тротуар плиталары және суағар салынады. Жұмыстар қыркүйек айының ортасына дейін аяқталмақ.

Әрқайсысы 5 шақырым болатын нөсер кәріздері құрылысы 11-шағын аудандағы Әз Наурыз көшесінде және Авиаторда салынуда. Жұмыстар 2025 жылы аяқталады.

Сондай-ақ жалпы ұзындығы 30,8 шақырымдық жолдың құрылысы және реконструкциясы бойынша 18 жоба жүзеге асырылуда.

Кірпішті тұрғын алабына қарай Елек өзені арқылы өтетін көпірден Ақтөбе-Орск автожолына дейінгі, Кірпішті тұрғын алабының ішкі көшелері, Заречный-3 елдімекенінде Ер Тарғын көшесінің жолдары салынып жатыр. Шестихатка (Жаңақоныс),Шилісай, Ясный-2 және басқа да тұрғын алаптарында жолдар төселеді. Жалпы,биыл Ақтөбеде 98 шақырым автожол ретке келтіріледі. Осы мақсаттарға бюджеттен 26,3 млрд теңге бөлінді.

Бұдан басқа жолды күрделі жөндеу Жұмабаев, Локомотивная, Қазанғап, Тілепбергенов, Әуезов, Есет батыр және басқа да бірқатар көшеде жүргізілуде. Жалпы, жолдың 28 шақырымы күрделі жөндеуден өтеді. Тағы 23,7 шақырым автожолға орташа жөндеу жасалады.

Облыс орталығындағы жолдардың жай-күйібүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі. Бүгін біз Қызылжар-3, Бауырластар-3 және Астана ауданы тұрғын алаптарының көшелерін аралап, жөндеу жұмыстарын қарап шықтық. Жолдар салынуда. Ең алдымен,ешқашан жөнделмеген жолдарды ретке келтіреміз. Сонымен бірге мердігер мекемелер бірден суағарлар салуда. Қазіргі уақытта қаланың екі шағын ауданында суағарлар салу бойынша екі ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Мердігерле роларды мерзімінде аяқтауға уәде беріп отыр, —деді өңір басшысы.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button