«Жайлы мектеп» салынып жатыр
Құрылыс
«Бабек Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы жоба бойынша оқу орнын 31 желтоқсанға дейін тапсыруға тиіс. Алайда құрылыс компаниясы жаңа оқу жылында пайдалануға береміз деп уәде беріп отыр.
Облыс әкімі Асхат Шахаров салынып жатқан мектептің құрылыс алаңында болып, жобаның уақтылы әрі сапалы аяқталуы үшін жұмыс қарқынын арттыру қажеттігін қадап айтты. Сондай-ақ1 тамыздан бастапмектептің айналасы абаттандырылып, жол салынуға тиіс. Құрылысбарысын бақылаудаұстаужәнетуындағанмәселелердіжеделшешумақсатындакүнделікті мониторинг жүргізіліпотыр.
— Қазір мектеп құрылысына 45 адам жұмылдырылды. Алдағы күндері Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге үй салып жатқан құрылысшылар,шамамен 40 адам босайды. Біз оларды осында тартып, жұмыс күшін арттырамыз. Құрылыс материалдары жеткілікті. Біз барлық норманы сақтап, сапасына мән бере отырып, жұмыс істейміз, —деді жоба жетекшісі Евгений Львов.
Ақжар-2 тұрғын алабында бой көтеретін 300 орындық «Жайлы мектептің» жобалық құны— 3,2 млрд теңге. Құрылыс былтыр тамыз айында басталды. Жаңа мектепте оқушылар үшін заманауи сыныптар, спор тзалдары, зертханалар және кітапханалар қарастырылған.
Айта кету керек, Ақжар-2-де үш мектеп болғанымен, орын тапшы. Ал жаңа нысанның ашылуы бұл мәселені шешеді.
А.ІЛИЯСҚЫЗЫ.