Жол салуға ынталы

Инвестиция
Облыс әкімі Асхат Шахаров жол, теміржол, әуежай салу жағынан тәжірибесі бар China Railway Asia-Europe Construction Invest mentCo.Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында өңірдегі жол инфрақұрылымын жақсарту, жаңа технологияларды енгізу және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Қытайлық құрылыс компаниясының президенті Чжоу Хайвэй өздерінің тәжірибелері мен мүмкіндіктері туралы баяндап, аймақтың жол саласын дамытуға қызығушылық танытты. Өңір басшысы бұл серіктестік облыстың экономикалық дамуына және жолдардың сапасын арттыруға оң әсерін тигізетініне сенім білдірді.
— Президент инвестиция тарту бойынша үлкен міндеттер қойды. Инвесторларға жан-жақты қолдау көрсету, жағдай жасауға барлық мүмкіндік бар. Сондай-ақ біз үшін автокөлік жолдарының сапасы—өткір әрі өзекті мәселе. Осы бағытта ынтымақтастықты орнату жоспарда бар. Біз сіздермен басқа да жобалар бойынша тығыз жұмыс істеуге әзірміз, —деді облыс әкімі Чжоу Хайвэйге.
Тараптар алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін нақты қадамдар жасауғак елісті.
Айта кету керек, аталған компания 2015 жылы құрылған.
Д.АЙДАР.



