Жаңалықтар
Жылу қазандықтарының жай-күйін тексерді

Қыстың қамы
Облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев салалық мекеме басшыларымен бірге өңірдегі жылу қазандықтарын аралап, жылыту маусымына дайындықты пысықтады.
Қазандықтардың қазіргі жағдайы, олардың техникалық дайындық деңгейі, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі тексерілді.
Асылбек Есенбаев қазандықтардың жылу беру маусымына уақытында және толық дайын болуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Ол тұрғындарға қыс мезгілінде қолайлы жағдай жасалуы үшін барлық шараны қабылдау маңызды екенін айтты.
Сондай-ақ тиісті мекемелерге жылу қазандықтарының жұмысын үздіксіз қадағалап отыруды және туындаған мәселелерді уақтылы шешуді тапсырды.
Өз тілшіміз.



