Жаңалықтар

Жол мен жарық

Тұрғындар шағымы

Ахуалдық орталыққа жолдардың жағдайына байланысты облыс тұрғындарынан 33 шағым түсті. Оның отызы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласынан тіркелген.

Ал қала тұрғындарын толғандыратын ең өзекті мәселелер — көшелердегі жарықтың болмауы. Аталған санат бойынша аптасына 102 өтініш тіркелген.

Өңір басшысы Асхат Шахаров Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекетке, Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетовке, сондай-ақ тиісті мемлекеттік орган басшыларына «109» байланыс орталығына түскен азаматтардың өтінішін саралауды,олардың әрқайсысын жеке-жеке қарап, шешуді тапсырды. Кепілдік мерзімі өтпеген шұрқтесік жолдарды мердігер мекемелер өз есебінен қайта жөндеуі қажет. Магистралды жолдарды жөндеу 1 қыркүйекке дейін аяқталуға тиіс.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button