Өнегелі отбасылар таңдалды

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің төрағалығымен «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.
Елімізде 2013 жылдан бері өткізіліп жүрген «Мерейл іотбасы» ұлттық байқауының негізгі мақсаты — отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, некенің маңыздылығын және ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, қазақстандық отбасының жағымды имиджін кеңінен насихаттау.
Басқосуда комиссия мүшелері ұлттық байқауға бақ сынауға өтінім берген отбасылардың ішінен үздігін таңдау үшін құжаттармен танысып, бейнероликтерін көрді. Бұл жерде әулет мүшелерінің жеткен жетістіктерін, олардың отбасында ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді дәріптеуібасты назарға алынып, талқыланды.
Биыл аталған байқауға қатысу үшін 98 отбасы құжат тапсырған. Олардың қатарында еңбек адамдары мен шығармашыл әулеттер, зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар, сондай-ақ көпбалалыжәне қоғамдық пайдалы жұмыстарға белсенді араласатынотбасылар бар.
Арайлым ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ.



