Жаңалықтар

Жаңа демалыс орны ашылады

Абаттандыру

Биыл «Қоныс» спорт сарайының аумағындағы бос кеңістік абаттандырылады. Бұл тұрғындардың игілігі үшін жасалмақ. Өткен аптада абаттандыру жұмысы басталып кетті. Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет  мердігер мекеме «Интерстиль» ЖШС-ның жұмысын көріп, бірқатар тапсырмалар берді.

Қаланың ортасында тұрған жерді демалыс орнына айналдыруды тұрғындар көптен бері айтып келеді. Бұның реті биыл түсті. Қазіргі таңда мердігер мекеме осы шаруаларды қолға алды. Жасыл желекті мол қылып егіп, оны суару жүйесін орнатуды да тапсырып отырмыз.  Тал-теректі, гүлдерді егумен арнайы мамандар айналысады. Жалпы, бұл аумақ тұрғындардың демалысына қолайлы етіп жасалады. Мердігер мекеме қазан айына дейін жұмысты аяқтауы керек. Қазіргі таңда қаражат бөлінді, орындалған жұмыстың актілеріне сәйкес қаржы аударылады, — деді қала әкімі.

Сондай-ақ Азамат Бекет мердігер компанияға жұмысты сапалы әрі тез орындаған жағдайда ғана қаржы мәселесінде ешқандай кедергі болмайтынын айтты.

Аталған аумақта модульдік амфитеатр, жазғы кафе, балалардың ойын алаңдары, жүгіру жолағы, қоғамдық дәретхана, автотұрақ, қоқыс контейнері болады. Ал жкөгалдандыру алаңы 14,6 мың шаршы метрден асады.

Сондай‌-ақ 7,3 мың шаршы метрден астам алаңға тротуар төселіп,  саябақтарға арналған 418 дана LED-шам орнатылады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button