Жаңалықтар

Фермерлерді қабылдаудың  бірыңғай күні анықталды

Кәсіпкерлік

Әр аптаныңжұма күні облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында ауылшаруашылығы саласына жауапты мемлекеттік құрылымдардың басшылары шаруаларды қабылдайды. Яғни бұл жерге  шаруалар өздерін толғандырып жүрген мәселемен келеді.  Бұл — «Бір терезе» қағидаты бойынша жасалып отырған іс-шара.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелер мен қаржы институттарының басшылары және  өңірлік палата өкілдері бір мезетте жеке қабылдау жүргізеді. Қабылдау уақыты кестеге сәйкес сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін бекітілді. Өткен жұма күні алғашқы кездесу іс-шарасы өтті.

— Біздің міндетіміз —  фермерлер мен шаруа қожалықтарының басшыларын кабинеттерге барып, әрі-бері жүруін мейлінше азайтып, сол арқылы олардың мәселесін шешуді жеделдету, олардың қызметінжақсартуға жәрдемдесу. Қабылдауды бірінші басшылар тікелей жүргізеді. Барлық өтініш арнайы журналда тіркеліп, сондай-ақ оның орындалуыда жазылады. Біз сол жерде жауап беруге тырысамыз, қажет болған жағдайда мәселені қосымша зерделеп, кәсіпкерге тиісті жауаптар беріледі. Мысалы, бүгінде Агрокредиттік корпорацияда несиелеу, «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша техника алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге жәрдемдесу, шегірткеге қарсы күрес мәселелері қозғалды,— деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбаев.

Мәселен, Мұғалжар ауданынан келген «Бестөбе» шаруа қожалығының басшысы Нұрлыбек Махамбетов бұндай бастаманың тиімді екенін айтты.

Барлық мәселені  бір уақытта бір жерде айту арқылы уақытты үнемдейміз. Басшыларға өзімнің шаруашылығыма қатысты проблемаларды айтып шықтым. Біздің қожалық, негізінен,көкөніс өсірумен айналысады. Қазір қияр, асқабақ және басқа да көкөністер пісіп жатыр. Шілденің аяғына таман қауын-қарбыз піседі. Өнімді облыс орталығына әкеліп сатқым келеді. Орталық базардан орын беруді сұрадым. Маған коммуналдық базарда тегін орын берілсе, сатып алушылар жергілікті көкөністерді тиімді бағамен алады. Менің сұрағым бір минутта шешілді, қуанып отырмын,— деді Нұрлыбек Махамбетов.

Аталған іс-шараға келген шаруалар толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Бірі мәселесін сол жерде шешіп жатса, енді бірінің ісі тиісті мекемелерге жолданды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button