Жаңалықтар

Сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді  

Елімізде алғаш реет ветеринарлық қызметкерлер күні атап өтілді. Бұл мереке Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен ресми түрде бекітілді.

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов өңір басшысы Асхат Шахаровтың атынан аймақтағы ветеринарлық сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бүгінде ауыл шаруашылығының дамуын ветеринария саласынсыз елестету мүмкін емес. Облыстың эпизоотиялық ахуалын сақтауда және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ветеринарлық ұйымдардың еңбегі зор. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында облыста жылма-жыл ветеринария саласына бөлінетін қаржы өсіп, өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға артып отыр. Қалалық және аудандық ветеринарлық станциялар 55 автокөлікпен қамтылса, биыл қосымша 39 автокөлік табысталды. Жұмысты жетілдіру мақсатында 160 компьютер, 142 планшет сатып алынды. Бұл салаға толыққанды көңіл бөлуді жалғастыра береміз,деді Ғалымжан Елеуов.

Ғалымжан Елеуов ветеринария саласының қызметкерлеріне еңбектері үшін алғысын білдіріп, «Ауыл шаруашылығы үздігі» төсбелгісімен, сондай-ақ облыстың бірқатар ветеринарын Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button