Жаңалықтар

Мәңгілік ел көшесінде жол салынып жатыр

Ақтөбе қаласы Алтын Орда ауданына қарасты Мәңгілік ел көшесінің Халел Досмұхамедұлы көшесімен қиылысқан тұсынан бастап Ғазиза Жұбанова көшесіне дейінгі 670 метр бөлігінде қазір жер астымен өтіп жатқан инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары жасалып жатыр.

— Газ, су құбырларын, жерастымен өтіп жатқан байланыс желілерін ауыстыру жұмыстары көп уақыт алып жатыр. Біз осы инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстарын сапалы атқаруымыз керек. Әзірге жолдың негізін төсеуге кіріскен жоқпыз. Бірақ әзірлік жасап қойдық, тамыз айында қиыршықтас төсеу, жолдың бірінші қабатын салу жұмыстарын жүргіземіз. Уақытша жасалған айналма жолға қиыршықтас төсеп қойдық. Желілерді ауыстыру жұмыстарына екі бригаданы жұмылдырдық, —  дейді мердігер мекеме «Astana Energo hub» ЖШС учаске басшысы Серік Даукаринов.

Мұнда 4 жолақты 687 метр автомобиль жолысалынады. Сондай-ақ көше жарығы, вело жолдар, жаяу жүргіншілер жолдары орнатылып, 44 жарықтандыру тірегі қойылады.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button