Жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккен отбасы баспаналы болды

Мұғалжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың бірі –Батырхановтар әулеті. Жағабұлақ ауылының тұрғыны Әзілхан Батырханұлының қуанышында шек жоқ. Көктемгі су тасқыны кезінде ауылдағы үйін су басып, отбасымен баспанасыз қалған еді. Қиын сәтте мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, Болат Өтемұратов қоры арқылы Қандыағаш қаласынан 5 бөлмелі үй сатып алынды.
— Су тасқыны кезінде Жағабұлақ ауылындағы үйім жарамсыз болып қалды. Мемлекет тарапынан отбасымызға жан-жақты қолдаулар көрсетілді. Осы қолдаулардың арқасында Қандыағаш қаласынан үйлі болдым. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны тек сезіну керек. Барлық қолдау көрсеткен азаматтарға алғысымды білдіремін,— деді Әзілхан Батырханұлы.

Бүгінгі таңда Мұғалжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен 53 отбасы қоныстойын тойлады.
Баспаналы болған 53 отбасы – көктемгі  су тасқынынан зардап шеккен Ембі қаласының, Жағабұлақ, Бірлік, Басшилі, Қаракөл, Шеңгелши ауылдарының тұрғындары. Оларғабарлығы 931 млн 451 мыңтеңгегеБолатӨтемұратов, «Қамқор-Ақтөбе2024» және «DarCharity» қоғамдыққорларыарқылы үйлерсатыпалыныпберілді.
Мұғалжар ауданы бойынша су тасқынында барлығы 76 үй мен 3 коммерциялық нысанға зақым келіп, 8 шаруа қожалығы шығындалған. Су тасқынынан зардап шеккендерге 26 миллион теңгеден астам біржолғы көмек көрсетілді.
Бүгінгі таңда тасқын кезінде су басқан Жағабұлақ ауылында 9 үй, Бірлік ауылында 5 үй салынып жатыр. Мұғалжар ауданы бойынша 7 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Зардап шеккендерге көмек көрсету және баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары ел Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жүргізілуде.

М.САТАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button