Жаңалықтар

Алға ауданындағы «Күншуақ» сауықтыру лагерін жөндеуге ЖСҚ әзірленеді

Алға ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Асхат Шахаров Бестамақтағы «Күншуақ» балалар сауықтыру лагеріне барды. Ол жатын корпустар мен емдеу бөлмелерінің жағдайын тексерді.

Мұнда мүгедектігі бар балалар, сондай-ақ жетімдер, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және АӘК алатын отбасылардың балалар демалып, ем алады. Балалар облыс көлемінде қамтылады. Бір ауысымда 80 адамға дейін қабылдайды. Лагерь жыл бойы жұмыс істейді.

Лагерьде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жан-жақты көмек көрсетіледі. Олар үшін логопед, дефектолог, психолог, емдік дене шынықтыру кабинеттері жұмыс істейді, жаттығу залы, бассейн, иппотерапия аймағы, ойын бөлмелері бар. Қазір лагерь аумағында әкімшілік ғимарат салынуда, онда оқу сыныптары мен емдеу кабинеттері орналасады.

«Күншуақ» сауықтыру лагерінің директоры Замира Қарабекованың айтуынша, лагерьдегі  корпустардың кейбірін жөндеу керек. Сол кезде демалатын балалар саны артпақ.   Мәселенің мән-жайын білген өңір басшысы Асхат Шахаров ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлуді тапсырды. Жұмыстардың орындалуын бақылау облыстық білім басқармасының басшылығына жүктелді.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button