Жаңалықтар

Апатты үй орнына жаңа үй

Ақтөбе қаласының Чекалин көшесіндегі апатты үйдің тұрғындарына арнап үй салуды екі жыл бұрын міндетіне алған құрылыс компаниясы уәдесін орындамай отыр. Осыған байланысты Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет компания директорын үй тұрғызылуға тиіс құрылыс алаңына шақыртты.

«Стройстандарт–222» ЖШС компаниясына Чекалин көшесіндегі апатты үй тұрғындарының  мәселесін шешу үшін2022 жылы Қызылжар тұрғын алабынан 18 гектар жер берген-ді. Құрылыс компаниясы бір жылда үйлер тұрғызып, соның бірін апатты үйден көшуге тиіс 58 отбасына тегін беруге міндет алған болатын.

Сіздер сылтау айтып, уақыт созып келесіздер. Тұрғындар да, біз де бұдан әрі күте алмаймыз. Егер осы берілген жерге үй салмайтын болсаңыз, келісім шартты үзіп, заң аясында шара қолданылатын болады,— деп ескертті қала әкімі.

Құрылыс компаниясының директоры құрылыс жұмыстарын келесі аптада бастап, қараша айында аяқтауға уәде берді.

— Қызылжар тұрғын алабынан бізге 18 гектар жер берілді. Осы жергебіздің компания 3 қабатты 4 үйсалады. Соныңбірін Чекалин көшесіндегі апатты үйдің тұрғындары үшін салып, оларға тегін береміз.  Осы күнге дейін инвестормен проблемалық мәселелер туындағандықтан құрылысты кешіктірдік. Техникамыз жеткілікті. Орталық трансформатордан екі авариялық кабельді асфальттің астына салдық. Үй қараша айында дайын болады. Келесі аптада құрылысты бастаймыз, —деді «Стройстандарт–222» ЖШС директоры Асанжол Қажығалиев.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button