Облыс әкімі мәжіліс депутаттарымен кездесті
Облыс әкімі Асхат Шахаров аймаққа жұмыс сапарымен келген VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаева, МәжілісдепутаттарыЖұлдыз Сүлейменова, ҚазыбекӘлішевпенкездесті.
Өңір басшысы халық қалаулыларына облыстың жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ облыс әкімі көктемгі су тасқынының салдарын жою, әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қолға алынған шаралар жөнінде де жан-жақты тоқталып өтті. Тараптар төтенше жағдай жарияланған аудандар мен Ақтөбе қаласында су тасқынынан жапа шеккен тұрғындарға үй беру, баспана салу мәселесі, ауылшаруашылығы құрылымдарын қолдау шаралары, қоғамдық штаб жұмысы жәнет.б. мәселелерді талқылап, ойларымен бөлісті.
Облыстың Қобда, Ойыл, Әйтеке би, Ырғыз, Темір және Мұғалжар аудандарында 517 үй бой көтеруде. Сондай-ақ Ақтөбе қаласы мен аталған 6 ауданда дайын баспаналар сатып алынып жатыр. Бүгінгі күні 350-ден астам отбасы жаңа қонысқа көшті.
Айта кетейік, құрамына зиялы қауым, БАҚ, этномәдени бірлестік өкілдері, депутаттар, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері енген қоғамдық штаб табиғи апаттан зардап шеккендердің өтініштері мен шағымдарына жіті көңіл бөліп, өзекті мәселелерге айрықша назар аударып келеді. Өз кезегінде халық қалаулылары да бірқатар мәселелерді көтеріп, штаб жұмысының маңыздылығына көңіл бөліп, бағасын берді. Облыстағы жұмыс сапары кезінде Мәжіліс депутаттары аудандарға жұмыс сапарымен барып, халықтың тыныс-тіршілігімен танысатын болады.
М.ТАБЫН.