Жаңалықтар

Ырғызда құрылыс қарқынды

Облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев жұмыс сапарымен Ырғыз ауданында болып, Сарыобадағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Аудан әкімі Нұрлан Қызбергенов Нұра ауылдық округі Сарыоба жеріндегі атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Қазіргі уақытта 11 мердігер компания жұмысшылары мұнда алғашқы үйлердің іргетасын құйып жатыр. Ал құрылыс материалдары күнделікті тасымалдануда.

Асылбек Есенбаев аудан әкімі Нұрлан Қызбергеновке құрылыс барысын күнделікті қадағалап отыруды тапсырды.

Бүгінде Ырғыз ауданында 134 үй салынуда.  Атап айтсақ, Ырғыз ауылында — 50, Нұра ауылы маңындағы Сарыобада 74 және Мамыр ауылында 10 үй бой көтереді.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button