Жаңалықтар

Қос ауданды аралады

Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов Байғанин ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында аудан әкімі Айбек Көпеновпен бірге «Gas Processing Company» ЖШС-ның тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар жұмысшылармен кездесіп, компанияның даму жоспары жайлы талқылады. Кездесуде облыс әкімінің орынбасары техникалық мамандардың елімізде тапшы екенін атап өтіп, білікті мамандарды көбейтуге күш салу керектігін айтты.

Айта кетейік, аталған компания 2018 жылдың қараша айында өз жұмысын бастады. Газ өңдеумен айналысатын өндіріс орны жылына 420 миллион текше метр газды өңдейді. Мұнда 337 адам жұмыс істейді.

Сондай-ақ Абзал Әбдікәрімов Мұғалжар ауданындағы Батпақкөл, Қайыңды ауылдық округтерінде және Қандыағаш қаласында орналасқан кәсіпорындардың жұмысын қарады.

Алдымен Батпақкөл ауылдық округінде орналасқан Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің, «Жаңажол ГТЭС» ЖШС-ның, «Қазақойл» ЖШС-ның жұмыс жоспарларымен танысты.

Бұдан кейін «Казгеоруд» ЖШС және «AltynEX Company» АҚ-ның атқарып жатқан жұмыстарын қарап, Алтынды ауылының тұрғындарымен кездесті.

Сапар соңында облыс әкімінің орынбасары Қандыағаш қаласындағы минералды мақта шығаратын «КазТермогрупп» ЖШС, силикатты кірпіш шығаратын «Неохим» ЖШС өндірістерінің даму жобаларымен танысып, биоэтанол шығаратын «Кентавр» ЖШС-ның алға қойған мақсатты жұмыстарының орындалу барысын тыңдады. Жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button