Жаңалықтар

Түлектер диплом алды

Өнер орталығында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетініңжалпы медицина мамандығы бойынша тәмамдаған түлектеріне диплом табысталды. Университеттің 488 түлегі ресми құжаттарын қолына алды. Оның ішінде үздік оқыған 39 студент «Үздік диплом» иегері атанды. Іс-шарада  университет ректорының міндетін атқарушы Надияр Мусин, оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұргүл Әбенова, жалпы медицина факультетінің деканы Талғар Әбілов оқуын аяқтаған  түлектерді құттықтап, дипломдарын табыстады. Болашақта әрқайсысы ел мүддесіне еңбек етер ақ халатты абзал жан  боларына сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

Сондай-ақ білім ордасының қоғамдық жұмыстарына белсене араласқан студенттер мен олардың ата-аналары Алғыс хатпен марапатталды. Мерекелік іс-шараның соңы концерттік бағдарламамен аяқталды.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button