Жаңалықтар

Асылбек Есенбаев эвакуациялық орталықтағы нұралықтармен кездесті

Облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев Ырғыз ауданына жұмыс сапары аясында эвакуациялық орталықтағы нұралықтармен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге облыстық мәслихатының төрағасы Г.Сүйінтаева, мәслихат депуттары К.Бекенов және К.Төлеуова қатысты.

Кездесуде баспана құрылысына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар сөз болды.

 Тұрғындар тарапынан депутаттарға тұрғын үй салу, кәсіпкерлік нысандарды қайта қалпына келтіру, қысқы мал азығы бойынша көмек туралы сұрақтарын жеткізді. Сұрақтарға облыс әкімінің орынбасары мен депутаттар егжей-тегжейлі жауап берілді.

 Айтып өтейік, қазіргі таңда орталықта 63 адам бар.

 Нұралықтар үшін салынатын үйлерге Сарыоба деген жер таңдалды. 11 құрылыс компаниясы кірісті. Баспаналаодың іргетасын қазуға техникалар жеткізілді. Геодезистер әрбір тұрғын үйдің қазығын қағып жатыр.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button