Жаңалықтар

Әке өнегесі

Облыстық ҚХА жанындағы аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Әкелер күні» мерекесіне орай ҚР Ұлттық ұланының №6655 әскери бөлімінде «Өнегелі әке – тәрбиелі ұрпақ кепілі» атты сарбаздармен тәлім-тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шарағаүлгілі әке, облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Абай Жүсіпов, облыстағы кәрістер қауымдастығының өкілі, көпбалалы әке Геннадий Югай, «Қазақстан әкелері» республикалық әкелер қоғамдастығының құрылтайшысы, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, көп балалы әке ЕркінТобылбаев қатысып, сарбаздарды мерекемен құттықтады.

«Отан – отбасынан басталады» демекші, отбасының тірегі – отағасы, қарашаңырықтың иесі – әкелер екені белгілі. Әкелерге арналған мерекеде отбасы құндылықтары туралы сөз қозғалып,   ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан әкені қадірлеу құндылығының маңызына тоқталып, ойларын ортаға салды.

Шара барысында сарбаздарға ақыл-кеңестер беріліп, ер баланың өсіп, жетілуі, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуы және қоғамда өз орнын дұрыс таба білуі адамның өзіне байланысты екені баса айтылды.Тәлім-тәрбиелік іс-шара  жастарды жігерлендіріп, отбасы,ата-ана алдындажауапкершіліктерін арттыруға жол көрсеткендей болды.

Қазақ халқында «Жақсы сөз  — жарым ырыс»деп бекер айтпаған,  жақсы сөз болса,позитивті нәтижелерге себепкер болып, адамның жолы ашылады деп болжаған. Бұлтек жақсы ойлап, кедергілер мен қауіптерді елемеу керек деген сөз емес, әрине. Бұл келеңсіздіктерді ескере отырып, алға қарай қадамды нық басу деген сөз екені анық. Осы ретте, спикерлердің тәртіпті бол, жауапкершілікке үйрен, еңбекқор бол, спортпен шұғылдан, өзіңнен кішілерді қамқорлап, жақсылыққа жақын бол деген сөздері сарбаздарға күш-қуат берді.

Әскери қызмет абыройлы міндет екенін сезінген жастардың бойынан ержету, шыңдалу, темірдей тәртіп пен жинақылық көрініп тұрды.

Шара соңында Ассамбея жанындағы «Достық» тобы «Менің әкем – ең жақсы адам» әнін шырқады.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button