Жаңалықтар

Табиғи өнімдер — қолжетімді бағада

Жәрмеңке

Сенбі күні Есет батыр көшесі бойындағы «Табыс» коммуналды базарына қала тұрғындары әдеттегіден көп жиналды. Себебі бұл жерде қалалық мәслихат депутаттарының ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

— Бұл жәрмеңке осы округ сайлаушыларының сұранысына орай қалалық әкімдіктің қолдауымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл маңда тұратындардың дені — егде жастағы адамдар. Оларға қала сыртындағы базарларға бару оңай емес. Сондықтан жәрмеңке өткізу туралы ұсынысымызды шаруа қожалықтары бірден қолдай кетті.

Жәрмеңке сөресінде ұсынылған өнімдердің барлығы әдеттегіден 10-15 пайызға төмен бағада сатылды, — деді депутат Зада Қасенова.

«Табыс» базарында өткен жәрмеңкеге қала маңындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпкерлермен қатар, Қобда, Қарғалы ауданының да шаруалары келіп, тауарларын ұсынды.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button