Жаңалықтар

Қоғамдық сана және жауапкершілік

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі мемлекеттік тапсырыс аясындаекі жылдан бері ел аралап, «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру» атты әлеуметтік жобасыніске асырып жүр.

Ақтөбедегі жиын М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ғылыми кеңес залында өткізілді.

Жиынғареспубликалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Мэлс Семғалиев, атанған бірлестіктің облыстық филиалының төрағасы Қайрат Сабыр, Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Мәди Кемешов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің академиялық мәселелері жөніндегі проректоры Еркін Тастанқұлов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірдегі департаментінің, қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілдері, қаламыздағы жоғары оқу орындарының проректорлары, медицина университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

— Біздің мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар аз емес. Мәселен, 2022 жылы 2 ақпанында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді. Бұл құжат сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы өзгертуге арналған.

Бүгінде Қазақстан жемқорлықпен күрес бойынша жаһандық халықаралық актілерге қосылған. Әлемдік сыбайлас жемқорлықтың халықаралық рейтингісінің өткен жылғы қорытындысына сүйенсек,Қазақстан 180 мемлекеттің ішінен 39 балл алып, 92- орынға тұрақтаған. 100 балдан 50 балға дейін жинаған мемлекеттер, сыбайлас жемқорлық кең жайылған ауыр деңгейдегі мемлекеттер болып саналады. Содан-ақ жағдайымыздың қай деңгейде екенін көруге болады. Осы ретте біз қоғамдық сананың оң өзгеруіне әсер ете алсақ, мақсатымыздың орындалғаны. Ол үшін жауапкершілікті әр адам өзінен бастағаны жөн, — деді Мэлс Семғалиев.

Қайрат Сабыр тақырыптың өзектілігіне тоқталып, осы мақсатта жұмысты күшейту маңызды екенін айтса, Мәди Кемешов басқарма тарапынан жастар арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button