Рухани жаңғыру

Ойы ұшқырлар сайысы

Зияткерлік ойын

Облыстық ішкі саясат басқармасы, «Қоғамдық даму орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі және М.Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі  студенттері арасында «Ұшқыр ой» зияткерлік ойыны өтті.
Іс-шараның мақсаты —танымдық қабілет пен ақыл ойды қалыптастыру, ұлттық, тарихи, мәдени, рухани құндылықтарды жастардың арасында дәріптеу.

«Рухани жаңғыру» қағидаларына негізделген іс-шараға екі колледж оқушыларынан құралған барлығы 10 топ қатысты.Интеллектуалды ойын өлкетану, дәстүр мен ғұрып, тарих, мақал-мәтел, рәміздер, танымал тұлғалар және дәстүрлі терме, күй тақыптарына арналған 7 кезеңнен тұрды.

Бұл іс-шараның негізгі ерекшелігі — өлкетану бағытына басымдық берілген. Яғни мұндағы тақырыптық сұрақтардың басым көпшілігі Ақтөбе өңіріне қатысты болды. Сондай-ақ  қазақтың ұмыт боп бара жатқан дәстүрі мен мәдениеті, тарихына баса назар аударылды. Сайыс екі жыл қатарынан тұрақты түрде әр сала өкілдерінің қатысуымен өткізіліп келеді. Осыған дейін жоғары оқу орнының студенттері, мектеп, колледж  оқушылары және  мемлекеттік қызметшілер арасында да ұйымдастырылды. Әр ойында сұрақтарды жаңартып, өткізетін орта ерекшелігіне сай өңдейміз. Осы жолы біз қазақтың дәстүрлі ән, терме, күйлері, кино, мультфильмдері және мемлекеттік рәміздері бойынша сұрақтармен толықтырдық. Жалпы, сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар ерекше әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдіріп жатыр. Сондықтан да мұндай форматтағы іс-шаралар көп болғанымен, ұлттық құндылық пен қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Ұшқыр ой»  секілді сайыстар әсіресе жас буын өкілдері арасында керек дүние деп есептеймін, — деді «Қоғамдық даму орталығы» мекемесінің жобаларды ілгерілету бөлімінің басшысы Алтынай Рахымова.
Ойын барысында қатысушыларды сергіту мақсатында әуенді үзілістер мен кофе брейк ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған іс-шараның қорытындасы бойынша жүлделі орындар тағайындалып, жеңімпаздарға «Қоғамдық даму орталығы» атынан Алғыс хат тапсырылды. Сондай-ақ кітап дүкеніне сертификат және барлық қатысушыға естелік сыйлықтар табысталды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button