Жаңалықтар

Аллеяны тазартты

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 100-ге жуық өкілі «Ғашықтар» аллеясының маңын ретке келтірді.
Жастар жан-жақта шашылған қоқысты жинап, тал-теректің түбін әктеп, аллеяның ажарын ашты.

— Бүгін 40 тонна көлемінде күл-қоқыс шығарылды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына әлі де үлесімізді қосып, жастарды игі іске жұмылдыра беретін боламыз, – дейді облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының және «Атамекен» студенттік отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы Нұржан Шаңғытбаев.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button