Жаңалықтар

Ақтөбедегі сал ауруына  шалдыққан азаматтар одағына Халық банкі инватакси сыйлады

«Қазақстан Халық банкі» Ақтөбе өңірлік филиалының 100 жылдығын атап өту және «Қалаға сый» жобасы аясында банк «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтар одағы» қоғамдық бірлестігіне инватакси сыйлады.

Арнайы көліктің кілттерін тапсыруға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов қатысып, өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешуде үлес қосып жүрген ұйымға өз алғысын білдірді.

«Қазақстан Халық банкі» көптеген жылдар бойы облыста болып жатқан барлық әлеуметтік маңызды іс-шараларға ерекше назар аударып келеді. 2017 жылы банк жеке қайырымдылық қорымен бірлесіп Мұғалжар ауданына бір инватакси сыйлады, ол кейін Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау Қорына берілді. Соныменқатар, Халық банкінің қаржылай қолдауыныңарқасында облыстың аудандық ауруханаларыүшін 5 жедел медициналық жәрдем вагоны сатып алынды. Банкирлер мұндай игі істердікөп жасап келеді. Көлік ұзақ уақытқа жарамды болып, қоғамға тек жақсылық әкелсін», – деді Ғалымжан Елеуов.

Айта кетейік, биыл «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтар одағы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толды.

Бүгінде «Инватакси» қызметін 1 200-ден астам сал ауруына шалдыққан азамат пайдаланады.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button