Жаңалықтар

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасының мүмкіндіктері зор

Президентіміз өз Жолдауында «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі» екенін атап өтті.

Қазіргі таңда елімізде жастарға арналған бағдарламалар өте көп. Солардың бірі – ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға арналған «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы. Бағдарламаның келесідей мүмкіндіктері бар:

Біріншіден,  тұрғын үй сатып алу үшін аудан орталығында 9 млн.теңге, ал басқа ауылдық округтерде 7 млн.теңге көлемінде жеңілдетілген бюджеттік несие беріледі. Несиенің сыйақы мөлшері – 0,01 % және 15 жылға дейін.

Екіншіден, ауылға барған маман үшін қайтарымсыз 369 мың теңге жәрдемақы тағайындалады.

Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 128  маманға  626 млн. теңге көлемінде тұрғын-үй сатып алуға бюджеттік несие беріліп, 451 маманға 250 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленген болатын.

Ал биыл 115 маманға 960 млн теңге көлемінде  бюджеттік несие және 416 маманға 278 млн теңге көтерме жәрдемақы беру жоспарланған.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button