Жаңалықтар
Сегізінші сектордың жанкүйерлері
Қоғамдық штаб
Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда QFL Лига Кубогының топтық кезеңінде «Ақтөбе» мен «Қайсар» арасындағы ойынды тасқыннан зардап шеккен 500-ге жуық адам тамашалады.
Бұл жолы ойын 2:0 есебімен ақтөбеліктердің пайдасына шешілді. Тартысты матчты тамашалауға барған жанкүйерлер «Ақтөбе» командасына айрықша қолдау көрсетті. Тоқсан минутқа созылған ойынды көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 500-ге жуық адам 8-сектордан тегін тамашалады.
Аталған ойынды су тасқынынан зардап шеккендермен бірге, облыстық қоғамдық штаб төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева бастаған штаб мүшелері де қарады.
Футболды жақыннан отырып тамашалаған балалар мәз-мейрам болып, керемет көңіл күймен тарқасты.
Арайлым НҰРБАЕВА.