Балалар демалысы қалай ұйымдастырылады?

Лагерь
Маусым айында «Әлия» лагері ашылады. Сөйтіп, өңірдегі маусымдық лагерьлердің саны 8-ге жетпек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.
Брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова жазғы каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы жан-жақты баяндап берді.
Біздің өңірде 1-10 сыныпта оқитын 159 381 оқушы бар. Нұргүл Лескенқызының айтуынша, балалардың басым бөлігі лагерьлерде демалмақ. Алдын ала мәлімет бойынша қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде барлығы 268 255 балаға қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 156 743 бала (98 пайыз)бір ғана қызмет түрін алады.
— Биылға дейін жазғы каникул кезінде облыста 7 маусымдық лагерь жұмыс істеген болатын. Маусым айында Қобда ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылында «Әлия» лагері ашылады. Сыйымдылығы 72 балаға арналған лагерь 4 ауысымда 288 баланы қамтиды. Лагерь жұмысы патриоттық, спорттық, шығармашылық бағыттарда жүзеге асырылады, — деді Нұргүл Лескенқызы.
«Күншуақ» балаларды сауықтыру лагері — облыстағы жыл бойы жұмыс істейтінбірден-бір лагерь. Мұнда 606 бала қамтылады. 6 ауысым жұмыс істейтін лагерь бір ауысымда 101 баланы қабылдайды. Ауысымдардың ұзақтығы — 10 күн. Бұл лагерьде ерекше қажеттіліктері бар және арнайы санаттағы балалар демалады.
Жалпы өңірдегі маусымдық лагерьлерде 9718 бала қамтылады. Ауысымдардың ұзақтығы — 10-15 күн.
Нұргүл Лескенқызының айтуынша, биыл 673мектеп жанындағы лагерь
жұмыс істейді. Мектеп жанындағы лагерьлер 3 ауысымда 12 күннен жұмыс істейтін болады.Лагерьлер мәдени-рухани, экологиялық, технологиялық және инновациялық, көркемдік эстетикалық, денешынықтыру-сауықтыру, азаматтық-патриоттық, экономикалық және туристік-өлкетану бағыттарында жұмыс істейді.
Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.



