Шаштараздар шапағаты

Қамқорлық
«Мариям» жеке кәсіпкерлігі жанындағы оқу орталығы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының қолдауымен су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктер үшін уақытша қоныстану орталығында шаш қию күнін ұйымдастырды.
М.Оспанов атындағы медицина университеті жатақханасында қазіргі уақытта жүзден астам баласымен 57 отбасы тұрып жатыр.
Сәрсенбі күні «Мария» жеке кәсіпкерлігі жанындағы оқу орталығының жетекшісі Райла Тұрдалина және оның оқушылары уақытша қоныстану мекенжайына келіп, балғындардың шашын қысқартты.
Райла мамандығы бойынша заңгер-кеңес беруші, бірақ осыдан алты жыл бұрын ол кәсібін өзгертіп, тың арнадан жол салуға тәуекел етіпті. Шаштараздық ісіне үйреніп, «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша тәлімдемеден өткен. Өзіне берілген грант бойынша ұлттық кәсіпкерлік палатасы реестріне енгізілген оқу орталығын ашты. Өмірлік қиын жағдайларға тап болған адамдарға көмектесуді Райла Тұрдалина өз қызметінің басым бағыты деп есептейді.
—Біз бір күн бойы көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің жатақханасында болып, балалардың шашын тегін қысқартып бердік. Біздің шеберлеріміздің қызметіне байланысты ешқандай сын-ескертпе болған жоқ, барлығы да риза болды, бұл бізді қуантады, —дейді ол.
Айбек Тасымов өзінің екі ұлын шашын қысқартуға алып келіп, шеберлерге алғысын айтты. Күні кеше ғана оның зайыбы дүниеге төртінші сәбиін әкелген, ол әлі перзентханадан шыға қоймаған екен. Осындай қуанышты жағдайға байланысты шаштараздар құрмет ретінде бақытты әкенің де шашын алып берді.
Арман ЖҰМАБАЙ.
Асылбек ҚАСЫМОВТЫҢ фотосы.



