Еріктілер еңбегі
Марапат
Су тасқыны кезінде тұрғындарды эвакуациялауға, гуманитарлық көмек жеткізуге, адамдарды және үй жануарларын су басқан аймақтан құтқаруға қатысқан қала жастары марапатталды.
Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет қатысты. Қала басшысы су тасқыны кезінде көмек көрсеткен 60 жасты марапаттап, оларға көпшіліктің алғысын жеткізді.
— Сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Су тасқыны басталған бірінші күннен соңына дейін бізбен бірге күні-түні жүргендеріңізд ібілемін. Одан кейін де гуманитарлық көмек көрсетуге жұмыла кірістіңіздер. Кез келген адам волонтер бола алмайды. Жүрегінде иманы бар, жаны жақсылық жасауға құмар, жанашыр, жауапкершілігі мол адамғана волонтер бола алады. Сіздерге елдің алғысын жеткізгім келеді. Алғысым шексіз, —деді АзаматБекет.
Кеш соңында А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің «Номад» фольклорлық ансамблімен елімізге танымал әнші, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ибрагим Ескендір өнер көрсетті.
Өз тілшіміз.