Көл жағасына көшет егілді
Таза Қазақстан
Әйтеке би ауданындағы Белқопа көлінің аймағына 1000 түп көшет егілді. Бұл — «Таза Қазақстан» экологиялық айлығы шеңберінде ұйымдастырылған іс-шара.
Аудандағы ең үлкен су айдыны — Белқопа көлінің суы тартылып, шаруаға да, тіршілікке де қолайсыздық туғызып келгені баршаға аян. Биылғы еріген қар суынан көлдің көлемі ұлғайып, су арнасына толды.
Былтырқазанда Белқопа көліндегі күрделі жағдайды анықтау үшін аймаққа
қоршаған ортаны қорғауға жауапмекемелердің қатысуымен үлкен экспедиция барған болатын. Көлдің жағдайын көзімен көрген экспедиция мүшелері су айдынын сақтап қалу үшін арнайы шаралар қабылдау жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар да білдірді. Нәтижесінде нақты жұмыстар қолға алына бастады. Соның бірі — Қарабұтақ орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің ықпалымен Белқопа көлінің оңтүстік жағалауына 1000 түп бұта тәрізді көпжылдық өсімдік (ивнияк) егілді. Бұл іс-шараға табиғат жанашыры, қоғам белсендісі, 1987-1991 жылдары бұрынғы Қарабұтақ аудандық партия комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарған А.Мандрыкин де қатысты. Тал егу рәсімінен кейін Белқопа орта мектебінде табиғат жанашырлары мен ардагер ұстаздардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Мектеп мұғалімі Жайнагүл Сағындықованың ұйымдастыруымен өткен кездесуде қонақтар Белқопа көлі туралы тың деректермен бөлісті. Ардагер ұстаз Еламан Сағындықовмұндай іс-шараның өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор екенін айтты. Кездесу соңында мектеп ауласына да бірнеше түп тал егілді.
Бұдан кейін қонақтар қазіргі Әйтеке би ауданының бастауы болған Бас Қарабұтақ бекінісі іргесіндегі Қарабұтақ өзенінің жағасына 30түп жас көшет егу рәсіміне қатысты. Мәліметтерде Белқопа көлін жерасты суы арқылы қоректендіретін Қарабұтақ, Үймола өзендері деп айтылады. Бұл өзендердегі су Белқопа көлі үшін өте маңызды.Биыл Қарабұтақ өзенінде жылдағыға қарағанда су қоры мол.
Ерболсын КӨБЕКОВ,
Благодар орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі.
Ақтөбе қаласы Кеңес Нокин ауылы.