Жаңалықтар

Шегірткеге қарсы «шабуыл»

Ауыл шаруашылығы

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары талқыланды.

«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжау әдістемелік орталығы» Ақтөбе облыстық филиалының ақпараты бойынша Алға, Байғанин, Ырғыз, Қобда, Темір, Ойыл аудандарының аумағында италиялық прустың алғашқы дернәсілдері табылды.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, фитосанитариялық жағдайды жақсартуға және шегірткеге қарсы күресті ұйымдастыруға биыл облыстық бюджеттен 304,5 миллион теңге бөлінген. Қазірдің өзінде 55,3 мың литр дәрі сатып алынды. Олар облыс орталығына және 12 ауданға таратылады.

Жалпы, 784,4 мың га аумақта әуе және жерүсті арқылы химиялық өңдеу жүргізіледі. Шегірткемен күресу үшін облыстық және аудандық штабтар құрылды.

Баяндамашыларды тыңдаған облыс әкімі Асхат Шахаров алаңдарда химиялық өңдеу жұмыстарын жеделдетуді және шегірткемен байланысты жағдайды ауыл шаруашылығы басқармасына бақылауда ұстауды тапсырды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button