Жаңалықтар

Он күнде екі пәтер берілді

Баспана

Соңғы онкүндікте Шалқар қаласының екі тұрғыны жаңа пәтерге қол жеткізді.

Тұрғын үй кезегінде тұрған Гүлсім Тілеулиеваға «Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда танылған Қазақстан Республикасының азаматтары» санаты бойынша аудандық тұрғын үй комиссиясының шешімімен жергілікті бюджет есебінен 3 бөлмелі пәтер берілді. Жаңа үйдің кілтін Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов  табыстап, пәтер иесін көптен күткен қуанышымен құттықтады.

Ал «Ел үлесі — пәтерге» республикалық жобасы аясындағы кезекті 755-ші пәтер шалқарлық жас отбасы Нұрлан Жылқыбайұлының еншісіне бұйырды. Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков баспанаға мұқтаж жандар үшін ауызбіршілік танытып, қайырымдылық істерге атсалысқан барша азаматтарға алғысын айтып,  пәтер кілтін үй иесіне өз қолымен табыстап, қуанышына ортақтасты.

Шалқар қаласы бойынша қазір тұрғын үй кезегінде тұрған 659  адам бар. Аудан орталығынан тұрғын үй салуға  1720 адам жер сұрап отыр.

Мұхтар МЫРЗАЛИН,

Шалқар қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button