Су тасқыны

Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов Нұра ауылдық округіне қарасты Белшер ауылындағы су тасқыны жағдайы туралы айтып берді

 Елді мекенде 34 түтін бар, онда 224 адам тұрады. 4 үй су астында қалды. Су басу қаупі туындаған сәтте ауылдың әйелдері мен балалары, қарттары, барлығы 135 адам алдын ала қауіпсіз жерге көшірілген.

Сонымен қатар, 46 адам бөгетті нығайту жұмыстарына жұмылдырылып, 100-ден астам ерікті жан көмек берді. Хромтау, Әйтеке би және Шалқар аудандарынан қосымша ТЖД қызметкерлері шақырылды.

3 трактор, 1 жүк тиегіш (погрузчик) тартылды. Қауіпсіздік мақсатында электр энергиясы ажыратылды. Ауылға генератор көмегімен жарық беріліп, айналма жол арқылы елді мекенге қатынауға болады. Азық-түлік, жанар-жағармай, қажетті тұрмыстық заттар жеткізілді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button