Су тасқыны

Қобда ауылында су тасқынынан зардап шеккендер үшін үй салына бастады

Бүгінгі күні Қобда ауданында 289 үйге зақым келген. 

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, табиғи апат салдарынан жапа шеккен тұрғындарға барынша қолдау көрсетілуде.

Өңірде топан судан зардап шеккен отбасылар үшін жаңа баспаналардың құрылыс жұмыстары басталды. Қобда ауданының орталығында 117 тұрғын үйдің іргетасын қалау үшін жер қазылуда, құрылыс материалдары әзір.
«Қобда ауданында 117 жаңа тұрғын үй құрылысының басталуымен су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға тұрақты тұрғын үймен қамтамасыз етуге кірісеміз. Біздің мақсатымыз – ең алдымен сапасына мән бере отырып, қысқа уақытта үй тұрғызу. Әрбір тұрғын өздерін қауіпсіз сезінуі үшін үйлер барлық стандарттарға сай болады», – деді Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев.

Бұдан өзге, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 199 үйді сатып алу жоспарланып отыр, қазіргі уақытта Әйтеке би, Мұғалжар, Ойыл, Қобда, Темір аудандарында дайын 50 үй бар.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button