Су тасқыны

Ырғыз ауданындағы су тасқыны жағдайы бойынша ақпарат

Ақтөбе облысында жағдай тұрақты. Қазіргі уақытта Ырғыз ауданының Құйлыс, Жайсаңбай және Белшер ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Күштер мен арнайы техникаларды тарта отырып, жалпы ұзындығы – 15 км жағалауды нығайтатын бөгет салынды. 78 908 дана қап төселіп, 62 030 тонна инертті материалдар жеткізілді.

12 сәуірден бастап ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтың жектешілігімен құтқарушылар Қорғаныс Министрлігі ұшағымен Мамыр, Нұра, Белшер, Құйылыс ауылдарынан 1280 адам, оның ішінде 652 бала эвакуацияланды. 640 адам – уақытша орналастыру пункттерінде, ал 614 адам – туыстарында.

Ырғыз ауданындағы жұмыстарға ТЖД, ЖАО, ДП, ҰҰ және Қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімдерінен 1021 адам және 52 бірлік техника, 8 қайық жұмылдырылды.

Жалпы Ырғыз  ауданына азық-түлік түрінде 22,2 тонна гуманитарлық көмек және 23 тонна жанар-жағар май жеткізілді.

Ырғыз ауданында 81 үйді су басты. Оның ішінде Нұра ауылы 67, Мамыр ауылы 10, Белшер ауылы 4.

А.ІЛИЯС.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button