Жаңалықтар

Ескерткіш маңы тазарды

Сенбіде қаламыздағы ескерткіштердің де алаңдарына тазалық шаралары жүргізілді.
Соңғы жылдары Ақтөбеде қоғамдық ұйымдардың өтінішімен көптеген ескерткіштер бой көтерді. Соның бірі — әлем білетін әйгілі ер Едігенің ескерткіші.

Бүгін аталған ескерткіш маңына Ер Едіге қоғамдық қорының мүшелері, қолдаушы студенттер, ардагерлер, орта буын өкілдері, Ер Едіге жыр мектебінің оқытушылары мен оқушылары, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері жиналып, сенбілікке қатысты.
— Біздің ісімізді қолдап, барлық ескерткіштерді, қоғамдық ұйымдар өз қамқорлықтарына алады ғой деп есептейміз. Келесі сенбідегі көк желек акциясына бәріңізді қатысуға шақырамыз, — дейді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин.
Ақтөбеліктер екі айлық аясында айналаны тазалап қана қоймай, тал-терек егіп, көгалдандыруға да атсалысады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button