Жаңалықтар

Ұлттық құндылықтар және тәрбие

Әділетті Қазақстан

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал азамат, табысты қоғам» тақырыбында диалог алаңы өтті. Іс-жиынға университет ұжымы мен студенттері қатысты.

Шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен «Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс»  атты ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы идеялар талқыланды.

Университет ректоры Лаура Қарабасова ұлттық жиында айтылған ойлар мен жоспарларды іс-әрекет жоспарына айналдыру маңызды міндет екенін тілге тиек етті.

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Президентіміз озық ойлы ұлт болып қалыптасу үшін әрі қарай біздің ұлттық құндылықтарымыз қандай болу керек деген сұрақ төңірегінде ой өрбітіп, ел болудағы алдағы маңызды қадамдарымен бөлісті. Әділетті Қазақстанның басты тұжырымдамасы үш принципке негізделіп тұр. Ол — адал азаматтардың болуы, олардың адал еңбек етуі, қандай салада болса да адал табыс табуы. Осы құндылықтарды жастарымыздың санасына сіңіруге тиіспіз. Біздің мақсатымыз — адалдық қағидаттарын мойындайтын,өзінің ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ортақ заңдылықтарымызды қабылдайтын еліміздің азаматтарын қалыптастыру, — деді оқу орнының басшысы.

Жиында проректор Людмила Мясниковауниверситеттеакадемиялықсапаныарттырубойыншажүзегеасыпжатқанакадемиялық трансформация жұмыстары туралы айтты.Сондай-ақсыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс кеңсесінің жетекшісі Дархан Мүсіров «Адал азамат — адал қоғам», заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ақылбек Нұрлин «Жоғары білімнің заманауи сын-қатерлері: құқықтық тәрбиенің жекелеген аспектілері» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасады.

Ашық алаңда облыстық мәслихаттың депутаты Марат Қойлыбаев сөз алып, Жұбанов университетімен бірлескен тәрбиелік іс-шаралар туралы айтып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу идеяларымен бөлісті.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button