Су тасқыны

Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде 5000-ға жуық абонент жарыққа қосылды

Яғни, өңірде табиғи апаттан залал келтірілген 41 елді мекен жарыққа қосылды. Бұл –  4959 абонент.

💬 Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаевтың сөзінше, басқарма «Энергосистема» мекемесімен су тасқынының салдарынан орын алған электрмен жабдықтау жүйесіндегі авариялық ажыратуларды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда.

«Қазіргі кезде өңірдегі 14 елді мекенде 236 абонент электр энергиясынан ажыратулы, дегенмен барлық тұрғындарға дизельдік генератор арқылы тоқ берілді. Осы уақытта Энергосистема мекемесі барлық елдімекендерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. 10 бригада және 60 арнайы техника жұмылдырылған. Жарықпен қамтылу мәселесі – Басқарманың тұрақты бақылауында», – деді Арысұлан Айтбаев.

Су тасқынының алдын алу және салдарын жою мақсатында облыстық әкімдікте өңір басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен жедел штаб жұмыс істейді. Жарықпен қамту мәселесіне қатысты барлық сұрақты тұрғындар 109 нөміріне жолдай алады.

Н.ДАБЫЛ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button