Су тасқыны

Су тасқыны салдарынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі арнайы комиссия Ақтөбе тұрғындарынан өтінімдер қабылдай бастады

2024 жылғы 6 сәуірде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Ақтөбе облысына барды.

Облыс орталығында вице-премьер Елек өзенінің жағасында орналасқан су басқан «Эко» және «Көктем» бау-бақша ұжымдарының тұрғындарымен кездесті. Жиналғандарды толғандырған басты мәселе материалдық шығынның қалай өтелетіні болды. Серік Жұманғарин адамдарды су тасқынынан болған барлық материалдық шығын өтелетініне сендірді.

Облыста 689 саяжай үйі су астында қалып отыр.

Сонымен қатар Серік Жұманғарин Ақтөбе су қоймасын тексерді. Су тасқыны кезеңінде жобалық қуаты 245 млн текше метр бола тұра, су қоймасына 485 млн текше метр еріген қар суы жиналды.

https://t.me/KZgovernment

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button