Басты жаңалықтар

Біздің қоғамда жемқорлыққа орын жоқ

Елiмiзде қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жоюға қатысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн таппай келеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлықтың жолын кесуге бағытталған іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысы 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні — осы. Әділетті Қазақстан және адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық  жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын адал азамат болса, әділдік орнайды», — деген болатын.
Жалпы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру үшін ауданда бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.
Жер учаскелеріне, тұрғын үйге кезектілікке тұрған азаматтардың тізбесі және көрсетілетін тағыда басқа мемлекеттік қызметтер аудандық «Шалқар» газетіне жарияланып, аудан әкімдігінің сайтына орналастырылып, мемлекеттік мекеме ғимараттарында қол жетімді жерге орналастырылған.
ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2023 жылдың 12 айында Шалқар қаласы мен ауылдық округтердің орталық көшелеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тақырыптарда 15 баннер жасатылып ілінді. Сондай-ақ, осы тақырыпта 130 іс-шаралар мен семинарлар ұйымдастырылып, 2272 адам қамтылған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық салдары болуы мүмкін болған жағдайдағы 1424 сенім телефоны аталған аудиоролик қаланың орталық базарларында, теміржол вокзалында, орталық ауруханаға және Халыққа қызмет көрсету орталығына трансляцияланды. Тұрғындарға 104 жадынамалар мен инфографикалар таратылып және 56 данасы білім беру ұйымдары, орталық емхана мен аурухана, халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазпошта, «Анаға тағзым» орталығы, вокзал, әкімдік ғимараттарының күту залдарына ілінді. Бұқаралық ақпарат құралдары мен газет журнал беттеріне 153 мақала жарияланды. (оның ішінде 37-сі газет журнал бетінде).
Сонымен қатар, жылдық жоспарға сәйкес Шалқар ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау жұмыстары 2023 жылдың 12 айында 12 мекемеге жүргізіліп, жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижелері көрсетілген ақпараты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаментіне жолданды.
Сонымен қатар, Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі, №63 «Анаға тағзым» ғимаратынан ашылған «Сервистік әкімдік» кабинетінің ішінен «ADAL KOMEK» азаматтарды қабылдау және кеңес беру жобасы бойынша әр аптаның дүйсенбі және жұма күндері тұрғындарға тегін заң көмегі көрсетілуде. Қазіргі таңда, бұл шара бойынша 8 тұрғын заңгердің қабылдауында болып, өздерінің көкейлерінде шешімін таба алмай жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.
Шалқар ауданы әкімдігінің ресми сайты мен Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінің парақшаларында ақпараттар жаңартылып, тұрғындарды қабылдау бойынша ақпараттар орналастырылды.
Мемлекет басшысының Қазақстан Халқына Жолдауымен айқындалған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және «Адалдық алаңы» жобасы бойынша on-line режимінде «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінде «ANTIKOR.LIVE» және «ADAL KOMEK» жобалары бойынша азаматтарға әр салалар мен құқықтық көмектер көрсету мақсатында мемлекеттік мекеме басшылары мен қала, ауылдық округ әкімдері және құқық қорғау органдары тарапынан жұмыстар жандандырылып жүргізілді. Бүгінгі күні осы жобалар бойынша 12 тікелей эфир өткізіліп, 897 адамның қаралымы анықталды. Сонымен қатар, 17 адамға түрлі сұрақтары бойынша көмектер көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Енді аудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында 2024 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстарға келетін болсақ, мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік сатып алулар тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес электронды түрде жүргізілуде. Шалқар қаласы мен ауылдық округтердің орталық көшелеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тақырыптарда 8 баннер жасатылып ілінді. Сондай-ақ, осы тақырыпта 65 іс-шаралар мен семинарлар ұйымдастырылып, 1039 адам қамтылды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен газет журнал беттеріне 72 мақала жарияланды. (оның ішінде 5-еуі газет-журнал бетінде).
Комплаенс жобасы бойынша Квазисектор ұйымдары болып табылатын екі мекемедегі (Аудандық мәдениет үйі, және «Ұлы Борсық» КМК) жауапты қызметкерлер тарапынан жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Аталған жоба бойынша мекемелердің қызметіне ішкі талдау, мониторинг, мекеме қызметкерлерінің арасындағы мәдениеттілікті қалыптастыру және әдеп кеңестері бойынша түсіндіру жұмыстары мен шаралар тұрақты ұйымдастырылуда.
Ауданның барлық мемлекеттік мекемелерінде азаматтардың өтініштері мен шағымдарына арналған жәшік және «Сенім» телефоны орналасқан, азаматтардың өтініштері мен шағымдары міндетті түрде тіркеліп, заңды түрде есепке алынып жауап беру мезгілі қадағалануда. Үнемі жүргізіліп отырған жұмыстардың нәтижесінде ауданда 2024 жылдың 3 айында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таба береді.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін барлық амалдарды қолдануымыз керек. Сыбайлас жемқорлықпен күрес әр адамның азаматтық борышы деп білген ләзім.

Жанболат ЖИДЕХАНОВ
Шалқар ауданының әкімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button