Жаңалықтар

Азаматтық қоғамның бастамалары

Кездесу

27 ақпан — Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Осыған орай азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасы және азаматтық бастамаларды қолдау мәселелері талқыланды.

Іс-шараға қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Байнешов азаматтық қоғамның белсенді болуының маңызына тоқталып, олардың нәтижелі жұмыс жасауы үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан әрқашан қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Өткен жылы қараша айында облыс орталығында «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ашылған болатын. Кездесуде аталған орталықтың төрағасы Әлішер Мәжит оның ашылудағы мақсаты мен негізгі міндеттеріне тоқталды.

Ақтөбе облысының азаматтық орталығы мамандарыүш айдың ішінде 40-тан астам үкіметтік емес ұйым мен бастамашыл топқа кеңес берген.

Кездесуде «Тәуелсіз Қазақстанның халық батырлары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменова азаматтық қоғам саласындағы көп жылдық тәжірибесімен бөлісті.

Биыл осы уақытқа дейін мыңдаған жастың жаз айларында жұмыспен қамтылуына сеп болған «Жасыл ел» бағдарламасына 20 жыл толады. Кездесу барысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары және «Атамекен» студенттер отрядтары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Шаңғытбаев алдағы уақытта «Ақтөбе облысының азаматтық орталығымен» бірлесіп, жастар үшін маңызы зор шаралар ұйымдастыратындарын айтты. 2024 жылы туған өлкенікөгалдандыру мен абаттандыру және құрылыс бағытында екі мыңнан астам жас еңбек етеді.

Айта кетейік, бүгінде облыста 884 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның 80 пайызы — Ақтөбе қаласында, қалған 20 пайызы аудандарда тіркелген.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button