Жаңалықтар

Төлем қалай жасалады?

Жалдамалы тұрғынжай

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру туралы» тақырыбында брифинг өтті.  

Тұрғын үй кезегі, тұрғын үйді жалдау — қоғамдағы жиі талқыланатын мәселелердің бірі. Қазір елімізде жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін төлемдердің 50 пайызын мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Жалдау құнының қалған бөлігін пәтер алушы төлейді. Мемлекеттік қолдаудың бұл түрі осымен үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатыр. Мұндай қолдауды 1 және 2-топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және көпбалалы аналар, көпбалалы отбасы санаттары бойынша азаматтарға есепке қою орны бойынша жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалпы соманың елу пайызын өтеу мүмкіндігі көзделген, — деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұршашқан Ізбасарова.

Оның айтуынша, жалдамалы тұрғын үйге төлемдерді жүзеге асыру үшін облыстық және республикалық бюджеттен қаражат қарастырылған.

Ресми мәліметке сүйенсек, 2022 жылы облыста 97 отбасы бұл мүмкіндікті пайдаланып, келісімшарт жасаса, өткен жылы 235 отбасына қолдау көрсетілген.

Бұл тетіктің операторы — «Отбасы банк» акционерлік қоғамы. Ол үшін төлем алушыларға қойылатын талаптар да бар. Ең бастысы — бұл мүмкіндікке, жоғарыда айтқанымыздай, халықтың әлеуметтік осал тобының санаттарының біріне сәйкестігі болуы шарт.

Қазіргі таңда облыста бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар 2857 отбасы кезекте тұрса, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған кезектегі  отбасылардың саны — 1538. Сондай-ақ 3304 адам жетім балалар санатында кезекте тұрса, 5523 көпбалалы отбасы пәтер алу кезегіне тіркелген.

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынатын тұрғынжай үшін отбасы кірісі есептеледі. Ағымдағы жылы базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы — 43 407 теңге. Сондықтан арнайы талапқа сәйкес соңғы 6 айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын мөлшерде болуға тиіс, — деді спикер.

Брифингте отбасының құрамына байланысты жалға алынатын тұрғынжайдың жалпы алаңына төлемдерді жүзеге асыру жайы да жан-жақты түсіндірілді. Яғни

1 шаршы метр жалдау құнының бағасы — 2 109,7 теңге. (АЕК — 3692 теңге/облыс коэффициенті — 1,75).
Брифингте «Отбасы Банк» АҚ облыстық филиалының өкілі Нұргүл Мырзаева да тақырыпқа байланысты журналистер сауалына жауап берді.

Арайлым НҰРБАЕВА.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button