Жаңалықтар

«Ертегінің»белсенді бүлдіршіндері

Балабақша

Әуе қалашығы аумағында орналасқан №3 «Ертегі» бөбекжай балабақшасы балаларымызға жақсы тәлім-тәрбие берумен қатар, оларды өнерге баулып, жан-жақты жетілуіне жағдай жасап отыр.

Гүлназ Құсайынова басшылық ететін бұл мекемеде кішкентай балдырғандардың ой-өрісін кеңейтіп, дамытуға арналған іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.

«Қазақстан — туған елім, ұлы елім»,«Берекелі, мерекелі Алтын күз», «Құтты болсын Жаңа жыл!» атты ертеңгіліктер — соның бір көрінісі.

Бұл балабақшаның тәрбиеленушілері облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстардан да жүлделі оралып жүр. Мәселен, «Балбөбек-2023» ән-би байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, облыстық «Кішкентай ханзада мен ханшайым — 2023» сайысында да үздік өнер көрсетті. «Алтын күз» республикалық балалар мен жастар шығармашылығы байқауында қолөнер номинациясы бойынша жеңімпаздар да осы ұжымнан шықты.

Балалар «Қыс ғажайыптары» ІV республикалық сурет және фотосурет

байқауына қатысып, ІІ, ІІІ орындарды иеленіп, жеңімпаз атанды.

«Дарынды бала — 2024» атты микротоптар арасында өткен байқауда «Талантты бала» номинациясымен марапатталды.

Біздің балаларымыз кез келген байқау-конкурстарға белсене қатысады. Олардың арасында Аяулым Аманғали, Заңғар Тұралы, Нұрай Жұма сияқты ән айтып, би билеп, өнерлерін шыңдап жүрген жас таланттарымыз бар.

1 наурыз — Алғыс айту күніне орай «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі Алтын Қалжановаға алғыс айтамыз.

Біз осындай өнегелі ортада бүлдіршіндеріміздің жақсы тәрбие алып жатқанына қуанамыз, тәрбиешілерге алғысымыз шексіз.

№3 «Ертегі» бөбекжай балабақшасындағы

«Қызғалдақ» тобының ата-аналары.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button