Жаңалықтар
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің бейнеүндеуі

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Самара – Шымкент» күре жолында жол қозғалысына шектеу қоюға тура келді.
Бұл өз кезегінде 550 жеңіл көлік және 2768 жүк көлігі кептелісінің туындауына себеп болды. Әсіресе, ұзындығы 30 шақырымды құрайтын «Ақтөбе-Хромтау», «Хромтау-Қарабұтақ» учаскелері арасында.
Жолға жауапты қызметкерлердің күндіз-түні тынымсыз еңбегінің арқасында республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автожолының «Ақтөбе-Қарабұтақ бағыты» бойынша көліктің барлық түрлеріне жол ашылды.
Сағат 17.30-да «Самара-Шымкент» республикалық автожолының Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстары аумақтарында да жүру жанданады.
Жалпы, бұл республикалық автожол арқылы негізінен 10-15 мың автокөлік өтеді.