Жаңалықтар
Жылыту пунктеріне орналасқан азаматтар алғысын білдіруде

Аймақ басшысы Хромтау қаласының №3 орта мектебінде ұйымдастырылған жылыту пунктіне барды. Бұл кезде пунктке орналасқан азаматтар волейбол ойнап жатыр екен.
Көлік жүргізушілері облыс және аудан басшылығына көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді.
Хромтауда эвакуацияланған азаматтарды қабылдайтын 4 жылыту пункті ұйымдастырылып, уақытылы ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.
Бүгінгі күнге дейін 500-ге жуық адам эвакуацияланды.